Тазалық сақшысы – Алижан

Тазалық сақшысы – Алижан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялаған болатын. Еңбек адамдарының өнегелі өмірін кеңінен дәріптеуді мақсат еткен осы бастама бүгінде қоғам тарапынан қолдау тауып отыр.

Адал еңбегімен абырой биігімен көтерілген жандар арамызда баршылық. Солардың ішінде «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің механизация бөлімінің жүргізушісі Алижан Амановты ерекше атап өтуге болады.
Алижан Дәулетбайұлы еңбек жолын орта мектепті бітіре салып бастаған.
Саналы ғұмырының 35 жылында түрлі жұмысшы мамандықтарында еңбек етіп келеді. Айталық, ол 1989-1991 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет етіп келгеннен кейін еңбек майданына араласты. 1992 жылы “Зеленстрой” шаруашылық есеп учаскесінде 1996 жылға дейін жүргізуші болса, 1996-1998 жылдары “Дендрологиялық саябақта» жүргізуші ретінде жұмыс атқарған. 2005 жылдан бері «Жасыл Тараз» мекемесінде жұмыс істеп келеді.
Алижан Аманов әрбір ісіне өндірістік міндеттерді қалтқысыз орындауға күш салатын үздік қызметкер. Кәсіпорынның қоғамдық өміріне белсенді қатысып, жастарға өз тәжірибесімен бөлісіп келеді. Жұмыс барысында қызметтік міндеттеріне әрдайым зор жауапкершілікпен қарайды.

Аман ЕСЕН

Comments (0)
Add Comment