Облыс орталығының қала тазалығына жауапкершілікпен қарау санитарлық талап қана емес, мәдениет пен талғамның көрінісі. Осыған орай жуырда қала әкімінің қаулысымен күзгі тазалықтың екі айлығы жарияланған болатын.
Айлық аясында Таразда кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Шаһар басшысының бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, тәртіп сақшылары, шаһар тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне тиісті аумақты қоқыстан тазалады. Ал «Жасыл Ел-Тараз» еңбеккерлері арық-атыздар мен аулалардан шығарылған қоқыс қалдықтарды қала сыртындағы арнайы жәшікке төкті.
Тазалық жұмыстарын жұмыла атқару – баршаға ортақ міндет. Осы орайда қала тұрғындарын сенбілікке белсене атсалысуға шақырамыз!
Дедек Төлен