«Таза Қазақстан» – экологиялық тазалық кепілі

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Мойынқұм ауылдық округі Мойынқұм ауылында санитарлық тазалау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Іс-шараның мақсаты – экологиялық жағдайды жақсарту және халық арасында тазалық мәдениетін арттыру.
Акция аясында жұмыстар қоғамдық орындарды, жолдарды тазалау және аумақтарды абаттандыруды қамтиды. Осы орайда аудан әкімінің аппараты, ауылдық округтің әкімінің аппараты, мемлекеттік мекеме өкілдері және ауыл тұрғындары бұл іс-шараларға белсенді қатысуда. Жұмыс барысында басты назар заңсыз қоқыс үйінділерін жоюға, саябақтар мен демалыс орындарын қоқыстан тазартуға, сондай-ақ көгалдандыру жұмыстарына аударылуда.
Осы акция туралы Мойынқұм ауылының тұрғыны Айдос Қосубаев өз сұхбатында былай деді:
«Біздің округтегі тазалық – бұл тек эстетика ғана емес, сонымен бірге халықтың денсаулығына қатысты мәселе. «Таза Қазақстан» акциясы – экология мәселелеріне назар аударуға және әр тұрғынды олардың шешіміне тартуға тамаша мүмкіндік. Біз аймағымызда жағдайдың біртіндеп жақсарып келе жатқанын көріп отырмыз, бұған тұрғындардың белсенді қатысуы ықпал етуде. Осы жұмыстарға үлес қосқан барша халыққа алғыс білдіреміз және қалған азаматтарды да бұл шарадан тыс қалмауға шақырамыз».
Қосубаев сондай-ақ мұндай іс-шаралар адамдардың қоршаған ортаның тазалығына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.
Бұл акцияның салдары болашақта экологиялық жағдайға тек округ, аудан, облыс немесе мемлекет деңгейінде ғана емес, бүкіл әлем көлемінде де оң әсер етуі мүмкін.

Д.Аманқұлов
Мойынқұм ауданы әкімдігі

Comments (0)
Add Comment