2024 жылдың 28 қарашасы «Таза Қазақстан» Республикалық акциясының Жамбыл облысына арналған күні. Осы орайда Мойынқум ауданы Жамбыл ауылдық округінде маңызды экологиялық шара өтті. Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері және Абай орта мектебінің оқушылары осы шараны бірлесе ұйымдастырып, қоғамдық мәні санадан колдау тапты.
Акцияның мақсаты – мектеп оқушыларының назарын табиғаттың ластану мәселесіне, оны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағыттау.
Шара барысында оқушылармен экологиялық мәселелер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Табиғатты қорғау тек мемлекеттік органдардың экологиялық бағдарламаларымен шектелмейді. Әр адам тазалықты өзінен бастау арқылы, ортаға өзгеріс істей алатыны түсіндірілді.
Экологиялық мәселелер бойынша түсініктемелер тарату сабақтарында мамандар экологияны қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, оқушыларды табиғатты аялап, экологиялық таза Қазақстанды бірге құруға шақырды
Д.Аманқұлов