Тауарлардың ұлттық каталогында өнім көлемі 20 млн позицияға дейін ұлғайды

Қаржы министрлігі мемлекеттік деректер базасының отандық цифрлы экономиканы дамытудағы рөлі туралы айтып берді

ҚР Қаржы министрлігі еліміздегі тауарларды есепке алудың бірыңғай цифрлы жүйесін қалыптастыруды көздейтін – «Тауарлардың ұлттық каталогы» (ТҰК) жобасын енгізуді жалғастырып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – тауар айналымының барлық кезеңінде біртұтас цифрлы есеп-қисапты жолға қою, сауда операцияларының ашықтығын арттыру және экономикадағы өнімдер туралы мәліметтердің сапасын жақсарту.

Ұлттық каталогтың функционалын дамыту менкеңейту жөніндегі жұмыстың аясында деректер көлемі 400 мыңнан 20 млн астам тауар позициясына дейін ұлғайтылды.

Өтпелі кезеңде сауда қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 5 177 579 уақытша XTIN коды жасалып (2026 жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша), бұл нарық қатысушыларына тауарлардың цифрлыидентификаторларын пайдалануды жалғастыруға мүмкіндік берді.

ТҰК негізгі мемлекеттік және коммерциялық цифрлы жүйелермен интеграцияланған. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу жүйелерімен (БСАПжәне «Самұрық-Қазына»), мемлекеттік жоспарлаумен (МЖ АЖ), электронды шот-фактуралармен (ЭШФ АЖ), Wildberries, Ozon, Flip.kz, O-Marketмаркетплейстерімен, 1С тауарлық есеп жүйесі, Anvar, Small, Magnum сауда желілері, сондай-ақ фискалдычектерді қалыптастыратын фискалды деректер операторларымен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді. Мұндай интеграция барлық кезеңде бірыңғай цифрлытауар идентификаторын пайдалануға мүмкіндік береді:сатып алу мен есепке алудан бастап сату кезеңіне дейін.

Мұнымен қатар мәліметтердің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айталық, бірінші кезеңде каталог бос және ақпараты жоқ тауар карталарынан (қайта іске қосу мүмкіндігін тежеп) тазартылды. Келесі кезеңдерде тауардың негізгі (эталонды) картасына сілтемені көрсете отырып, көшірме карталар (мәліметтері қайталанған) өшірілді. Бұл жүйедегі деректердің тұтастығы мен үйлесімділігін сақтауға мүмкіндік берді.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін тауар деректерін ТҰК-на жүктеу мен алу үшін 11 сервис әзірленді. Сондай-ақ ТЖҚ ЖЖ тауарлар жіктеуішінің құрылымын толтыру және өзектендіру үшін жеке кабинеттің автоматтандырылған жұмыс орны реттелді.

Тауарларды жіктеу едәуір кеңейтілді. ТЖҚ ЖЖ 2.0 жаңартылған нұсқасында өнім түрлерінің саны шамамен 12 мыңнан 61 мыңға дейін ұлғайтылды (2026 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша).

Аталған мемлекеттік деректер базасы тәжірибелік мақсатта қолданысқа енгізіліп, жұмыс істеп тұрБұл ретте оны қолдану заң аясында бекітілгенін айта кетейік. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Сауда қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес ТҰК міндеттітүрде қолдануды көздейтін өзгерістер күшіне енді. Сондай-ақ бақылау-кассалық машиналарда ТҰК қолдану қағидалары бекітіліп, электронды шот-фактураларды жазып беру қағидаларына және жүкқұжаттар мен қабылдау-беру актілерін қоса алғанда, келісімшарттардың атқарушылық құжаттарында ТҰК кодтарын пайдалану бөлігінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

ҚР ҚМ каталогты қолдануды кеңейтіп, оны мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша жұмысты да жалғастырып келе жатқанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасымен интеграцияны жүзеге асыру дайындалып жатыр. Сонымен қоса «Кеден» ақпарат жүйесінің кеден декларацияларына каталог кодтарын енгізу бойынша жұмыс жалғасып келеді. Осыған дейін жүйенің функционалы алдын ала көрсетіліп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген болатын.

Жүйені кезең-кезеңімен енгізу үшін «Атамекен»ҰКП ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін экономиканың барлық саласында ТҰК енгізу жөніндегі жол картасы бекітілді.

Бизнес өкілдерімен бірлесіп тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апта сайын сауда салаларының өкілдерімен онлайн-кездесулер ұйымдастырылып, онда тауар картасыменжұмыс істеу тәртібі, ерекше белгілерді (атрибуттардытолтыруға қойылатын талаптар мен каталогты қолданудың практикалық мәселелері түсіндіріліп келедіӨзара байланыстың нәтижелері жүйені одан әрі жетілдіру үшін қолданылып келе жатқанын айта кету керек.

Ұлттық каталогты енгізу Қазақстандағы тауарларды есепке алудың бірыңғай цифрлы кеңістігін қалыптастырып, сауда операцияларының ашықтығын арттырады және отандық цифрлы экономиканы дамытуға септігін тигізеді.

Comments (0)
Add Comment