Биыл қазақтың біртуар азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірден озғанына 30 жыл толды.
Осыған орай арда азаматтың Тараздағы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Салтанатты іс-шараға Тараз әкімдігінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысып, ұлт көсемінің рухына тағзым етті.
Дінмұхамед Қонаев өмірінің жарты ғасырға жуық уақытын ел басқару ісіне арнады. Оның ішінде ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Мәдениет, өнер мен әдебиет – Дінмұхамед Ахметұлының ерекше көңіл бөлген,жақсы көрген әлемі. Ол елдің санаулы саңлақтары арасындағы кесек тұлғалардың бірі ғана болып қойған жоқ, үлкен ғалым ретінде есімін Азия,тіпті дүниежүзі таныды.
Халқы барда тау тұлғаның есімі ұмытылмақ емес.
Жанерке Жанұзақ