ЛРТ-ның басты фигуранты Қанат Сұлтанбеков Atameken Business арнасына берген эксклюзивті сұхбатында осындай мәлімдеме жасады деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Экс-шенеунік Кәрім Мәсімов тарапынан қысым болғанын жасырмады. Әйтпесе, ЛРТ-дағы былыққа ешқандай қатысым жоқ дейді. Осыны айтып, Антикор мен Бас прокуратураға да хат жолдаған.
Бірақ жауапты органдар бір-біріне сілтеп отырған көрінеді. Қанат Сұлтанбеков әділдік іздеп, елге келуге қорқатынын да айтты.