Тартысқа толы турнир

Жуырда Тараз қаласындағы «Ұлан» стадионында Балалар жылына орай және Т.Арзымбетовті еске алуға арналған футболдан 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында түндігін түрген республикалық турнир өз мәресіне жетті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жарыста биыл Тараз және Шымкент қалаларынан келген 8 команда бақ сынады.

Тартысқа толы болған турнирдің нәтижесінде 1-орынды №5 спорт мектебінің «Ұлан-2010» командасы еншілесе, 2-орынды №3 спорт мектебі, 3-орынды «Тараз-2010» футбол орталығының құрамасы олжалады. Сондай-ақ бірқатар теңбіл доп шеберлері «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Үздік бапкер» номинациялары бойынша марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен кубоктар табысталды.

Құрбанәлі Шахабай

Comments (0)
Add Comment