Тараздық жасөспірімдер республикалық олимпиадада топ жарды

Тараздық жасөспірімдер республикалық олимпиадада топ жарды
Ақтау қаласында өткен республикалық пәндік олимпиадада Тараз қаласының дарынды оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Информатика және химия пәндерінен сынға түскен 11 оқушының 7-еуі жеңімпаз атанып, аймақ абыройын асқақтатты.
Нақтырақ тоқталсақ, дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 және 11-сынып оқушылары Мұхаммад Сыздықов пен Ердәулет Тәңірқұл алтын медаль мен І дәрежелі дипломды иеленсе, аталған оқу ордасының тағы бір топ шәкірттері – Дарын Тұрдықұл, Мирас Байсбек, Мирас Медер, Сұңғат Серікбай және Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Айша Ибрагимова қола жүлдені қанағат тұтты.
Comments (0)
Add Comment