Тараздың тоғандарын қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асады

Тараз қаласының ішінен ағып жатқан «Қарасу», «Қапал» секілді каналдардың үстіне кәсіпкерлер заңсыз нысандар салып тастаған. Бүгінде ол нысандардың 9-ы түсіндіру жұмыстарын жүргізудің арқасында алынып тасталса, алтауының ісі сотқа өтті. Бұдан бөлек каналдың жағалауында орналасқан кейбір жеке тұрғын үйлердің қоршауы да өзіне тиесілі жер аумағынан шығып кеткен. Бұл туралы облыс әкімдігінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың @saparbayev_bm төрағалығымен өткен «Тараз қаласының ирригация жүйелерін қалпына келтіру және дамыту» жөнінде өткен кеңесте айтылды.
– Әлеуметтік желі арқылы тұрғындар тарапынан экологияға қатысты, оның ішінде көпқабатты тұрғын үй маңындағы аулаларды тазарту, шаһар ішіндегі арықтарға су жіберу, арық-каналдардың іші-сыртын қоқыстан, шөп-шаламнан арылту секілді шағымдар түскен болатын. Осы күнге дейін аталған олқылықтар мен қаланың ирригациялық жүйесін қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар атқарылды. Десе де алда атқарылар жұмыс көп. Соның бірі – каналдардың бойына, үстіне заңсыз салынған кәсіпкерлік нысандарды жою. Ол жерді каналдарды тазарту, су жіберу арқылы канал жағалауында тұрғындардың бір мезгіл серуен құрып, саясында дем алатын, серуендейтін жағдай жасауымыз керек. Осы бағыттағы жұмыстар тағы да бір пысықтауды қажет етіп отыр, – деді Бердібек Машбекұлы.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Comments (0)
Add Comment