Тараздық теміржолшыларға сыйақы төленетін болды

(ресми ақпарат)

2022 жылдың 13 желтоқсанында әлеуметтік желіде «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалының Тараз локомотив жөндеу депосы қызметкерлерінің қатысуымен видео жарияланды. Жиналған жұмысшылар сыйақы төлеу және жалақыны 100 пайызға көтеру талаптарын алға тартқан.
ЖШС басшысы И.Н. Лесбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Исмаил, қала прокурорының орынбасары Д.Асқар, көлік прокуратурасының орынбасары Н.Жураев қызметкерлермен мәжіліс залында кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда жағдай тұрақты, қатысушылар өз жұмыс орындарына тарады.
«Қамқор Локомотив» ЖШС Тараз локомотив жөндеу депосының жұмысы қалыпты деңгейде жалғасуда.
Аталған мәселе бойынша жұмыс тобы құрылып, оның құрамына «Қамқор Локомотив» ЖШС бас директорының орынбасары А.Нүсіпқұлов, кәсіподақ және ЖШС-нің басқа да қызметтерінің өкілдері енді.
ЖШС құрылтайшылары ҚР Тәуелсіздік күніне орай ЖШС қызметкерлеріне сыйақы (айлық жалақы мөлшерінде) төленетінін жеткізді. Ал, жалақыны көтеру мәселесі жақын арада жұмыс тобының отырысында ұжым мүшелерінің қатысуымен талқыланатын болады.

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы

Comments (0)
Add Comment