Тараздық құтқарушы – грэпплингтен әлем чемпионы

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Серік Тлекеев Қазақстанда грэпплингтен өткен алғашқы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

«Batyr Team» туының астында өнер көрсеткен Серік жоғары деңгейдегі шеберлігін ғана емес, сонымен қатар рухының мықтылығын, дайындық деңгейінің жоғарылығын және жеңіске деген қайтпас жігерін көрсетті.
Серік бұған дейінгі ұзақ жылғы жаттығудың арқасында аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын иеленіп, 2023 жылғы Қазақстан чемпионаты мен 2024 жылғы түркі халықтарының халықаралық турнирінде топ жарған болатын. Енді бұл тізімге әлемдік деңгейдегі жеңіс қосылды. Бұл тек жеке жетістік емес, бүкіл ел үшін мақтаныш.
Құтқарушы ретінде күнделікті қызметінде Серік тек спортта ғана емес, өмірде де нағыз батыр болуға болатынын дәлелдеп келеді. Оның өмір жолы жас құтқарушылар мен спортшыларға шабыт беріп, табандылық, ерлік пен өз ісіне адалдық адамды биіктерге жетелейтінін көрсетіп отыр.

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment