Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен жас таланттарды қолдау және үздік жобаларды іріктеу мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалды.
3 млн теңге көлеміндегі бұл грант «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес» және «Медиа» бағыттары бойынша берілді. Біздің өңірден М.Х.Дулати атындағы Тараз өнірлік университетінің технологиялық факультеттің «Текстиль, материалтану және стандарттау» кафедрасының «Стандарттау және өнімнің сапасын басқару» мамандығының 2-ші курс студенті Дүйсени Жасұлан Мұратұлы өзінің «Vulpis Plastic» атты тұрмысқа, автокөлік индустриясына, жиһаз өнеркәсібіне қажетті пластикалық өнімдерді термо-вакуумдық формовка арқылы өндіруге бағытталған жобасын ұсынып, грант иегері атанып, Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан марапатын қабылдады.
Бұл DULATY университетінің бәсекеге қабілетті және креативті, инновациялық ойлаушы мамандарды дайындайтындығының дәлелі!
Дүйсени Жасұлан Мұратұлы осындай ұлкен табысымен құттықтаймыз!