Тараздың орталық алаңы жабылады

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаменті хабарлады.
«Құрметті Тараз қаласының тұрғындары және қонақтары!
Полиция кешенді күштерінің жалпы гарнизондық жиынының өтуіне байланысты 2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 14:30-ден 18:00-ге дейінгі аралықта Тараз қаласының орталық алаңы жабылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз» – делінген ведомство хабарламасында.
Comments (0)
Add Comment