Тараздық оқушылар халықаралық байқауда

FIRST Global Challenge – Бірінші халықаралық комитет қауымдастығы ұйымдастыратын жыл сайынғы олимпиадалық үлгідегі робототехника жарысы. 2016 жылы Дин Камен FIRST ұйымын жастарға арналған STEM білімі мен мансаптарын насихаттау мақсатында кеңейтіп, құрды.

Биыл 2023 жылы 7-10 қазан аралығында VII «FIRST Global Challenge» жарысы Сингапурда өтеді. Ал 7-9 қыркүйек аралығында «USTEM Robotics» фондының қолдауымен еліміздің елордасында республикалық іріктеу кезеңі өтіп, оның жеңімпаздары еліміздің намысын қорғау үшін Сингапурға аттанады.
Дәл қазіргі уақытта республика бойынша 102 команда онлайн кезеңде бір-бірімен жарысуда. Ал халықаралық жарыстың республикалық кезеңіне білімін көрсете білген 40 команда ғана өтеді.
Тараз қаласынан өз бақтарын сынау үшін №59 орта мектептің 11-сынып оқушысы Нұрай Абдрахман, 10-сынып оқушылары – Ерсұлтан Зейнедулла және Алтынай Анатаевадан құралған «FreeStyle» командасы қатысады. Топтың жетек-шісі – информатика пәнінің мұғалімі Сандуғаш Дүйсенбаева.
Ендеше, еліміздің жас робототехниктеріне сәттілік тілеп, қолдау көрсетейік!

Ерсұлтан ЗЕЙНЕДУЛЛА,
№59 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Тараз қаласы

Comments (0)
Add Comment