Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өткен жылдан бері әкімшілік кедергілерге байланысты сауда үйін газ желісіне қоса алмай жүрген Тараз қаласының жеке кәсіпкері уәжін білдірді.
Кәсіпкер келісім-шарт жасау мәселелері бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на бірнеше рет жүгінген, алайда аталған АҚ қызметкерлері ұсынылған тізімде жоқ құжатты беруді талап етіп, шешімді кешіктірген.
Аталған мәселенің себеп-салдарын анықтау мақсатында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мүдделі тұлғалармен кездесу ұйымдастырып, материалдарды зерделеді.
Нәтижесінде уәкілетті тұлғалар кәсіпкерге техникалық шарттарды ұсынып, газ желісіне қосылуға рұқсат берді.