Таразда «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таразда «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Тараз қаласында Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-гимназия базасында «Жас сақшы» полиция сыныбы салтанатты түрде ашылды. Жоба жасөспірімдерді азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және ішкі істер органдарындағы қызметтің маңызын насихаттауымен ерекшеленеді.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізіп, Әнұран орындаумен басталды. Одан кейін 8-сынып оқушыларынан құралған «Жас сақшы» сыныбының тәрбиеленушілері ант қабылдап, арнайы куәліктерге ие болды.

Бастаманың негізгі мақсаты – жастардың бойында елжандылықты, заң мен тәртіпке құрметті қалыптастыру, сондай-ақ құқық қорғау саласына қызығушылықты арттыру. Осы бағытта Жамбыл облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен білім беру мекемесі арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге арналған әріптестік келісімді дамыту мәселесі де көтерілді.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының басшылығы, сала ардагерлері, педагогтер, ата-аналар және оқушылар қатысты. Қонақтарға арнайы қойылымдар, кинолог мамандарының көрсетілімі, би және музыкалық нөмірлер ұсынылды.

Сонымен қатар мектептің мәжіліс залында «Халық қаһарманы», полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған «Капитан Байтасов» көркем фильмі көрсетілді. Шара соңында жаңа сыныптың қызыл лентасы салтанатты түрде қиылып, жоба ресми түрде іске қосылды.

Comments (0)
Add Comment