Таразда жаңажылдық шыршаны өртеген азамат ұсталды

Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанда сағат 08:30-да Тараз қаласы Полиция басқармасының ЖБО бейнебақылау инспекторларымен облыс орталығындағы жаңа жылдық шыршаны белгісіз адамның өртеу дерегі анықталды. Аталған шырша қала аумағындағы қосымша орнатылған шыршалардың бірі. Тұрғындарға арналған жаңа жылдық бас шырша өз қалпында.

Полиция қызметкерлерімен 56 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 202-бабымен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Comments (0)
Add Comment