Бүгінде Таразда 8 мекеме қоқыс шығарумен айналысады. Алайда, халық тарапынан шағым азаяр емес. Көпшіліктің сұранысы – заманауи қоқыс алаңдары мен дер кезінде қоқыстың шығарылуы,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Осындай сұранысты ескере отыра қалала жаңа инвестициялық жоба қолға алынбақ. Бүгін Таразда
“GREEN LINE” ЖШС-ң таныстырылымы болып өтті. Шараға облыс әкімі Б.Сапарбаев қатысып, кәсіпорын жұмысы мен техникасын көрді.
Кәсіпорынның тиімділігі:
Кәсіпорын нарықта 2016 жылдан бастап жұмыс істейді
20 жаңа техника жұмыс істейтін болады
Заманауи қоқыс алаңдары мен еуроконтейнерлер қойылады
200 жаңа жұмыс орны ашылады
Call орталық жұмыс істейді
Техникалар GPS навигациямен жабдықталған
Қоқыс өңдеу полигонын салып, 50 жұмыс орнын құру жоспарда
Қала бюджетіне жылына 50 млн.тг көлемінде табыс кіреді
Айта кетерлік жайт, егер жоба аймақ басшысы мен тараздықтар тарапынан қолдау тапса, жаңа жылдан бастап өз жұмысын бастайтын болады.