Таразда жаңа аялдамалар орнатылуда

Тараз қаласын дамытудың үш жылдық жоспарына сәйкес, облыс орталығына 120 аялдама орнату жоспарланған. Биыл отыз алтысы қала аумағына орнатылады.
Бүгінгі күнге 21 аялдама бойынша тиісті мердігер компания анықталып, жұмыстарын бастады.
Қазір «RusStroy» ЖШС қала ішіндегі тұрғындар өтініші бойынша белгіленген жерлерге бес аялдаманың конструкциясын әзірлеп, үстінгі шатырын жабу жұмыстарына кірісуде. Ал, қалған 15 аялдаманы орнату бойынша «Строительная компания «NSN» ЖШС-і жауапты.
Айта кетейік, биыл қала аумағына қойылып жатқан аялдамалардың барлығы халық сұранысына сай, тұрғындардың өтінішімен белгіленген мекенжайларға орнатылуда.
Бұл жұмыстар толық аяқталған соң, келесі жылы 40 аялдама, 2025 жылы 50 аялдаманы орнату жоспарланған.

Comments (0)
Add Comment