Таразда заңсыз сақталған 52 бірлік қару табылды (ВИДЕО)

Тараз қаласы аумағында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында барлық көп қабатты үйлер, саяжайлар, гараж кооперативтері, саябақтар мен скверлер жіті тексерілуде.

Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді полиция қызметкерлерімен іздестіру шаралары кезінде қала аумағынан 52 бірлік қару табылды. Оның ішінде атыс қаруына жататын 1 «Калашников» маркалы автоматы, 4 бірлік «аңшы мылтығы», 11 бірлік «Макаров» маркалы тапаншасы, 7 сүңгі пышақ және тағы басқа пневматикалық, травматикалық қарулар анықталып, тәркіленді.

Тәркіленген қару-жарақтарға қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Тараз қалалық Полиция Басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Comments (0)
Add Comment