Тараздағы жәрмеңкелерде 432 тонна тауар сатылды

Қала тұрғындарына азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасау, отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдау, жарнамалау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы және Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен барлығы 13 жәрмеңке өткізілді («Әлеуметтік базар» – 12; орталық аланыңда – 1; Астана қаласында – 1).

Жалпы жәрмеңкеде барлығы 367 млн. теңгеге 432,09 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен өткерілді.

Әр апта сайын жәрмеңке өткізу жалғасып келеді.

Comments (0)
Add Comment