Тараздағы сенбілікте 300-ге жуық түп ағаш егілді

Таразда көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары, санитарлық-тазалық жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ бүгін Тараз қаласының барлық округінде мекеме-ұйым қызметкерлері мен қала тұрғындары сенбілікке шықты.

Сонымен қатар тұрғындар мен сала мамандары қаланы көріктендіру мақсатында Қазыбек би көшесінің бойына тал көшеттерін екті. Сенбілікте 186 түп шынар ағашы, 15 түп туя, 71 түп қарағай көшеті отырғызылды.

Сонымен қатар Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил да игі шарада тал егіп, бұл шараның шаһар шырайын арттыруға тигізетін пайдасы зор екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін белгіленген аумақтарда жеміс ағаштары да егілген. Жалпы қала аумағында 6 мыңнан аса тал көшеттері отырғызылды.

Игілікті шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

Comments (0)
Add Comment