Тараздағы өртенген үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде сағат түнгі 3:55-те Тараз қаласы Төле би көшесі №4 үйде өрт оқиғасы орын алды.

Төтенше жағдай қызметкерлері қызыл жалынды 05:42-де толық ауыздықтады. Жүзден аса тұрғын кауіпсіз жерге көшірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Бүгінгі күні қала әкімінің тікелей тапсырмасымен өрттен зардап шеккен тұрғындарды №10 мектепке уақытша орналастыру жөнінде шешім қабылданды.

Оқиғаға байланысты құрылған комиссия шығындарды заң аясында есептейді.

Қосымша мәлімет хабарланады.

Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы

Comments (0)
Add Comment