Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы «Даңқ» залына облыс әкі Нұржан Нұржігтовтың қатысуымен экскурсия өтті.
Аталған залда Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға қойылған. 1 миллион 500 мыңнан астам фотошежірелер топтастырылған. Залдың 1941, 1942, 1943, 1944 және 1945 жылдарға арналған қабырғаларындағы суреттерде сол кезеңдегі соғыс көріністері бейнеленген. Сондай-ақ, «Рейхстагқа ту тігу» барельефі қойылып, тылдағы еңбеккерлердің өмірінен сыр шертетін суреттер де көрініс тапқан. Жергілікті майдангерлердің 500-ге жуық медалі де залдан орын алған. Экскурсия соңында «Жамбылдық әскери құрамалар» атты кітаптың тұсауы кесілді. Кездесу соңы өңір әншілерінің концертіне ұласты.