Таразда уақытша жол жабылады

Париж – 2024: дзюдодан тұңғыш олимпиада чемпионы Елдос Сметовті күтіп алуға байланысты уақытша жол жабылады.

1.Желтоқсан – Сүлейменов көшелерінің қиылысы (Орталық стадион бағыты);
2.Абай – Төле би (Орталық стадион бағыты);
3.Абай – Шерхан Мұртаза (Орталық стадион бағыты) бойынша сағат 16:00 мен 20:00 аралығында жеңіл көлік қозғалысы тоқтатылады.

Автобустардың бағыты өзгермейді.

Уақытша автотұрақ ретінде Орталық алаң және қала әкімшілігінің аумағын пайдалануға болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жүргізушілерден жол бағытын алдын ала бағдарлап алуды ескертеміз.

Comments (0)
Add Comment