Бүгін Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен Тараз қаласында құзыретті органдардың терроризмге қарсы бағыттағы бірлескен оқу -жаттығу шаралары өтуде.
Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күш-құралдарының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабпен терроризм актілеріне шұғыл ден қою және тәжірибелік дағдыларын пысықтау.
Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.