Республика күні мерекесіне орай Тараз қаласындағы “Grand bazar” сауда орталығында “Тазалық пен дәм” атты фестиваль-жәрмеңкесі өтті.
“Rano Komfort service” ЖШС ұйымдастырған шара барысында 50-ге жуық отандық өндірушілердің тауарлары көпшілік назарына ұсынылды.
Фестивалдің алғашқы күні концерттік бағдарламалар, ойындар ұйымдастырылып, түрлі сыйлықтар таратылды. Шара үш күнге жалғасты.
Жалпы, «Rano Komfort cervice» ЖШС-і өзінің тұрмыстық химия өнімдерімен танымал. Компанияның қуаттылығы жылына 12 мың тоннаны құрайды.