Таразда тағы 2 500 көшет отырғызылды

Таразда көктемгі көгеріштендіру жұмыстары қарқын алуда. Санитарлық тазалықтың екі айлығы аясында бүгін «Көктем» алқабында «Nuri» бау-бақша орталығының демеушілігімен 2500 көшет отырғызылды.
– Сүйікті қаламызды көркіне сән қосу мақсатында осы бір игі іске ұйытқы болып, өз үлесімізді қосудамыз. Шаһар тұрғындарын қала тазалығын сақтап, сенбілікке белсене атсалысуға шақырамын,- дейді бау-бақша орталығының менеджері Мадина Нұрхатқызы.
Сондай-ақ осы күні қалалық Жастар орталығының бастамасымен «Қарасу» (5) ықшамауданындағы «Әулиебастау» бұлағының маңын күл-қоқыстан тазалады. Бұл шараға 100-ден аса ерікті жастар тартылған.
Тазалық шарасы шаһардың өзге де аумақтарында өткізілді.

Comments (0)
Add Comment