Облыс әкімдігінің қолдауымен Тараз сервис және технология колледжі студенттерінің өз қолымен өндірген өнімдері сатылатын «Student önımı» деп аталатын екі дүкен ашылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Дүкендер Тараз қаласының адам көп шоғырланған Жайлау және Талас мөлтек аудандарында орналасқан.
Студенттер күніне 100 келі тағам мен 50 келі кондитерлік өнімдер дайындайды. Жасаған жартылай фабрикаттары арқылы жергілікті нарықты да арзан әрі сапалы өнімдермен қамтамасыз етіп отыр.
Аталған колледж «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, өздерінде дайындалған кондитерлік өнімдерін қаладағы әлеуметтік дүкендерге де сатылымға қойған. Енді тұрғындар тарапынан сұраныс артатын болса, онда тауарлар өзге де сауда орындарының сөрелерінде тұратын болады.
Айта кетейік, ұн өнімдерін шығарумен коллдеждің арнайы мамандары мен жоғары курс студенттері айналысуда. Білім ордасындағы мамандардың сөзінше, бағыты дұрыс бұл бастама жастарды еңбекке баулып, табыс табуға үйретеді.