Таразда республикалық турнир басталды

Бүгін «Жастар» стадионында қала күні мерекесіне орай БАҚ өкілдері арасында Taraz Cup-2022 республикалық ашық турнирі басталды.

Дүбірлі доданың ашылу салтанатында қала әкімі Бақытжан Орынбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирде жалпы саны 10 команда бақ сынауда. Олардың қатарында облысымыздың намысын қорғайтын «Taraz Press» және «Jambyl» телеарнасының құрамалары да бар.

Жарыстың қорытындысы ертең белгілі болады.

Comments (0)
Add Comment