Таразда пойыздың үстінде селфи жасамақшы болған жасөспірім мерт болды (Видео)

Таразда тоқтап тұрған пойыз вагондарының үстіне шығып, суретке түспекші болған жасөспірім қаза тапты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желілер арқылы тарады. Онда вагонның үстінде жансыз жатқан адамның денесі айқын көрініп тұр.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екі бала вагонның төбесіне шығып, фотоға түспек болған. Сол сәтте оларды электр тоғы соққан. Қаза тапқан – 15 жастағы жеткіншек. Ал екінші жасөспірімнің жағдайы туралы әзірге нақты мәлімет жоқ.

https://aitube.kz/video?id=446088f7-8f36-45e5-9064-a638efad1423&from=embed_video 

Comments (0)
Add Comment