Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің 100 балаға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Дәстүрлі мерекелік шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар бүлдіршіндер қатысты.
Үздік шығармашылық ұжымдар жаңа жылдық театрландырылған қойылым ұсынды.
Шырша мерекесінде балаларға жаңа жылдық сыйлықтар – тәттілер мен қаржылай сертификаттар (60 мың теңгеден) табысталды.
Облыс әкімі атынан ұйымдастырылған мерекелік шара барысында арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының қойылымын тамашалап, «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешені мен «Тараз-Арена» спорт сарайының үстел теннисі және көркем гимнастика орталығын аралады.