Қаладағы «Жастар аллеясы» алаңында кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеге Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілген.
Шарада жалпы құны 9,8 млн. теңгені құрайтын 14,3 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары сатылып жатыр.
Оның ішінде 2,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 0,6 тонна шұжық өнімдері, 0,5 тонна сүт өнімдері, 1 мың дана жұмыртқа, 0,3 тонна кондитерлік өнімдер мен 0,5 тонна макарон өнімдері, 0,2 тонна тұз, 0,5 тонна қант, 0,2 тонна қарақұмық, 0,5 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 0,3 тонна бал және 6,7 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.