Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі көктемгі екі айлық өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 16-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласы әкімдігі қаулысы шықты.
Қаулыда Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі көктемгі екі айлықтың жоспары мен кестесі (1 наурыздан 1 мамырға дейін) жарияланды.
Осыған орай қала аумағында тазалық жұмыстары қарқын алды. «Жасыл ел-Тараз» ЖШС жұмысшылары негізгі көшелердегі арық-атыздарды тазалап, қоғамдық орындарды да ретке келтіруде.
Сонымен қатар аялдама маңы, жаяу жүргіншілер жолын да қалыпқа келтіріп, жол жиектерін қоқыстан арылтуда.