Таразда «Дос-Мұқасанның» мерейтойлық концерті өтті

Тараздағы «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Мұрат Құсайыновтың 75 жас мерейтойына және «Дос-Мұқасан» ансамблінің 55 жылдығына арналған концерт өтті.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов мерекелік шараға қатысып, ізгі лебізін жеткізді.
– Қазақ өнерінде ойып тұрып орын алған, сонау 1967 жылы негізі қаланып, эстрадалық жанрда әлі күнге дейін сахна төрінде өнерін паш етіп жүрген «Дос-Мұқасан» ансамблінің 55 жылдығы құтты болсын! Ал, осы ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі Мұрат ағаны да 75 жас мерейтойымен құттықтаймын! Алдағы уақытта да шығармашылық жолдарыңызға толағай табыстар, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін,-дей келе Нұржан Нұржігітов мерейтой иесіне сый-сияпат жасады.

 

Comments (0)
Add Comment