Таразда «Әділет кеңес береді» акциясы өтеді

Тараз қаласында 2026 жылғы 27 наурызда «Әділет кеңес береді» акциясы өтеді.

Аталған іс-шараның мақсаты – азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету.

Акция аясында мемлекеттік органдардың өкілдерінің және адвокаттар мен нотариустардың қатысуымен тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және білікті құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Comments (0)
Add Comment