Таразда демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Құрметті тараздықтар! 10-қыркүйек, сенбі күні қала аумағында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Қолжетімді бағада ұсынылатын азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі “Grand Bazar” сауда үйінің алдында ұйымдастырылады.  Әр ауданнан күзгі маусымының азық-түлігі, көкөніс пен жеміс-жидегі әкелінбек.

Айта кетейік, ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі қала аумағында әр сенбі сайын ұйымдастырылатын болады.

Comments (0)
Add Comment