Жарқыраған көше жанға жылу сыйлайды. Әрі бұл – тұрғындар қауіпсіздігінің де кепілі. Сондықтан шаһар көшелерін жарықтандыруға айрықша көңіл бөлінуде. Бұл бағытта Таразда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл көне шаһарда 68 көше толықтай жарықтандырылады.
Айталық, Ақжол (Дальная), Гончаров, Шмит, Уәлиханов көшесінің 4-ші бұрылысы, Қасымбеков, Өтеулиев,Өтеулиев көшесінің бұрылысы, Қарахан, Чехов көшесі (2-бұрылыс), Химик, Овсянников, Железнодорожная, Менделеев, Народная, Әбдіров, Дачная, Майлықожа, Домалақ ана, Бебель, Комаров-Локомотивный бұрылысы, Лобачевкий, Райымбек (1-бұрылыс), Райымбек (Кутузов), Толстой, Тындыбеков, Қосанов көшелері бүгінде самаладай жарқырап тұр.
Бұдан бөлек, Айша бибі көшесінен №13 шағынауданға дейінгі аралық, Рахмати көшесі (Қойгелдіден Түйебаевқа дейін), Акмолинская-Артем, Түрксіб (1-бұрылыс), Тухачевский-Азизбеков, Мусоргский (Пірмановтан Сыздықовқа дейін), Молдарбеков, Молдарбеков тұйығы, Уездная (бұрылысы), Клубничная-Ягодная, Сарымолдаев, Есенин-Анарбаев-Беделбаев, Лукманов (Теміржолдан KEGOK-қа дейін), Лукманов (1-бұрылыс), Смаилов (бұрылыс), Ақбоз батыр, Болатов, Жаңасаз, Бұқар жырау, Алатау, Войнская, Сухамбаев (3-бұрылыс) көшелеріндегі құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар Смаилов (1-бұрылыс), Чернышов, Смаилов (бұрылыс), Ақбоз батыр, Болатов, Жаңасаз, Бұқар жырау, Алатау, Войнская, Сухамбаев (3-бұрылыс), Смаилов (1-бұрылыс), Чернышов, Медеу, Барыс, Ақбастау, Байтақ, Жихангер-Аққорған, 2-ші Степная-Жас дәурен, Лазеров, Пирогов, Құлжабаев, Жетісу, 2-ші Заводская, 3-ші Заводская, Заводская, 3,4,5,6,7,8,9-шы Строительный, 1-ші Строительный, 2-ші Строительный, Стариков, Байқоразов, Цветочная (бұрылысы) Хмельницкий, Науаи көшелері де самаладай жарқырайтын күн жақын.
Қазіргі таңда электр энергиясының қосылу нүктесі өзгеруіне байланысты құжаттар қайта дайындалып, электр тасымалдайтын мекемемен келісілуде. Аталған көшелердің жарығын 15 тамызға дейін қосу жоспарлануда.
Осы орайда көшелерді жарықтандыру қала әкімі Бақытжан Орынбековтің тікелей бақылауында екенін баса айта кеткеніміз абзал.
Дедек Төлен