Таразда автобустардың жүру уақыты ұзартылды

2022 жылдың 12 қыркүйегінен бастап оқу жылының басталуына байланысты, қалалық қоғамдық көліктердің қатынау уақытына ұзартулар енгізілді,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
– №55, 30, 40 автобус бағыттары түнгі сағат 24.00-ге дейін қатынайтын болады;
– №16, 8, 9, 32, 12, 30, 11, 46, 19 автобус бағыттары түнгі сағат 22.00-ге дейін қатынайтын болады;
– №1, 36, 33, 44, 47, 33, 7, 38, 34, 23, 27, 28, 29 автобус бағыттары түнгі сағат 21.00 – 21.30-ға дейін қатынайтын болады;
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Жоғарыда аталған қоғамдық көлік бағыттарының қызметін пайдалануларыңызды сұранамыз!
Comments (0)
Add Comment