Таразда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Таразда дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Бүгін Жамбыл даңғылы, 18«Д»  мекенжайында кең көлемде жәрмеңке өтіп жатыр.

Жәрмеңкеде он аудан мен Тараз қаласының тауар өндірушілерінің өнімі, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері сатылуда.

Бүгін жәрмеңке алаңына облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек арнайы келіп, тауар өндірушілермен жүздесті.

Айта кетейік, жәрмеңке енді апта сайын Әлеуметтік базар алаңында, Жамбыл даңғылы, 18«Д» мекенжайында өтеді.

 

Comments (0)
Add Comment