Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

Таразда «Grand bazaar» сауда кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Жәрмеңкеге Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Шу, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілген.

Жәрмеңкеде жалпы құны 36,0 млн теңгені құрайтын 50,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 9,5 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,0 тонна шұжық өнімдері, 4,7 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,4 тонна макарон өнімдері, 2,6 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 24,4 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді.

Comments (0)
Add Comment