2024 жылы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Жарлығы аясында қазақстандықтарға референдум рәсімінде салмақты шешім қабылдауға көмек көрсету үшін атом электр станциясын салудың қажеттілігі мен орындылығы туралы, ерекшелігін айқындау мақсатында 2024 жылдың 12 қыркүйегінде Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының базасында «Атом энергиясы – өмір қуаты» тақырыбында қала педагогтарының қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Іс-шара барысында «Байтақ» партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Серік Қойбақов «Қазақстанның атом саласын дамыту», ақын Үміт Битенова «Атом энергиясының маңызы», Тараз қаласы №34 орта мектебінің директоры Динара Нұралиева «Әділетті қоғам құру және соның арқасында ел болу», Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Л.Әбдіқапар «Атом электр станциясы: пайдасы мен зияны» тақырыптарында баяндама оқыды.
«Дөңгелек үстелге» қатысушыларға атом электр станциясын салудың қажеттілігі мен маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ой-пікірлерін тыңдап, сұрақтарға жауап берілді.