Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды

Тараз қаласы аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 23 қаңтарында қаладағы арықтардың бірінен қапқа оралған арнайы құралдар мен тегіс саңылаулы «Эскорт» маркалы атыс қаруы табылды.
Аталған қаруға арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тараз қалалық Полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Comments (0)
Add Comment