Ағымдағы жылдың 30-31 наурыз аралығында Жамбыл облыстық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Тараз қаласында «Найза-Терроризмге қарсы-2023» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізуде.
Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының шұғыл ден қою және терроризмнің шартты актісінің жолын кесу жөніндегі міндеттерді орындауға практикалық дағдыларын пысықтау.
Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Жамбыл облыстық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы