Таразда алып бала дүниеге келді

Тараз қалалық перинаталдық орталығында салмағы 5 келіден асатын нәресте дүниеге келді.

Орталықтың акушер-гинекологтары Әсем Тұрсынбекқызы мен Мейіргүл Қадырбекқызының қабылдауымен таңғы сағат 05:00-де дүние есігін ашқан шақалақтың нақты салмағы 5 келі 350 грамм болса, бойы – 60 сантиметр.
– Босану процесі сәтті өтті. Жаңа туған нәресте дәрігерлердің бақылауына алынып, анасына босанудан кейінгі медициналық көмек көрсетілуде. Нәрестенің денсаулығы қалыпты, оның өмірлік белгілері жақсы. Ана мен баланың жағдайы медицина қызметкерлері тарапынан мұқият тексерілуде, – дейді дәрігерлер.
Мамандардың айтуынша, Айзат Маратқызы өздігімен босанған. Дүние есігін аман-есен ашқан сәби отбасындағы үшінші бала екен.
Бұл қуанышты оқиға медицина қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейінің нәтижесі екені сөзсіз. Олар ана мен баланың денсаулығына назар аудара отырып, отбасына қуанышты сәт сыйлады.

Еркін САЙЫН

Comments (0)
Add Comment