Таразда алаяқ адвокат ұсталды

Таразда қылмыстық іске көмектесемін деп қаражат алып алдаған 36 жастағы жалған адвокат ұсталды. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz

41 жастағы тұрғын полиция басқармасына арызданған. Оны 36 жастағы азамат өзін адвокатпын деп таныстырып, құқық қорғауға көмектесемін деп, алдымен 500 мың теңге сұраған. Кейін тағы 100 мың теңгесін алып, ғайып болған.

Арызданушының өтінішімен полицейлер күдіктіні ұстады. Қазір қылмыстық іс қозғалды.

Comments (0)
Add Comment