Таразда алғаш рет шала туған екі сәбидің көз торына лазерлік ота жасалды

15 қаңтарда Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығының базасында алғаш рет екі кішкентай пациентке: 23 және 26 апта жүктілік мерзімінде туған шала туған балаларға көз торының лазерокоагуляциясы бойынша операция сәтті жүргізілді,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Шала туылған нәрестелердің ретинопатиясы – кішкентай пациенттердің денсаулығының күрделі мәселелерінің бірі. Осы патологияның диагностикасы арнайы аппарат – офтальмоскоптарда жасалынған.
Облыстық перинаталдық орталығындағы арнайы «Retcam» аппаратында балалар офтальмологы Бекқұлиева Айгүл бірнеше жылдан бері жаңа туылған нәрестелердің көз жанарын емдеумен айналысып келеді. Жыл сайын ол шала туылған нәрестелердің ретинопатиясы бойынша жоғары қауіп тобына кіретін 700-ге дейін шала туылған нәрестелерді тексереді. Ауру анықталған жағдайда пациенттер қарқынды терапияны қажет етеді. 

Науқастардың тасымалданбауына байланысты Республикалық санитариялық авиация қызметі көз аурулары ҚазҒЗИ және педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының офтальмохирургтер бригадасын Сабина Асылбекқызы мен Елена Тян жеткізді. Екі сағат ішінде ретинальды лазерокоагуляция бойынша хирургиялық араласуды сәтті өткізіп, басқа шала туған балаларға кеңес берген оларға мекеме ұжымы мен бүлдіршіндердің ата-аналары ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Comments (0)
Add Comment