Бүгін Дулати университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов пен Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бірінші вице-президенті Иса Самсаев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы құжат аясында Дулати атындағы университетте Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының Тараз қаласындағы филиалы ашылды.
Меморандумның мақсаты – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын әзірлеу және ілгерілету. Ол: ғылыми-танымдық материалдармен, басылымдармен және академиялық ақпараттармен алмасу; сарапшылардың пікірін ескере отырып, рухани-адамгершілік білім беру саласындағы зерттеулер және олардың нәтижелерін тәжірибеге енгізу; бірлескен жобаларға қатысу; ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамытуға арналған гранттарға өтінімдерді дайындау; рухани-адамгершілік білім беру саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу.
Бүгінгі таңда «Бөбек» НПООК ұлттық білім беру жүйесінің барлық деңгейінде рухани-адамгершілік тәрбиелеу мен тәрбиелеудің «Өзін-өзі тану» бағдарламасын кешенді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ететін республикадағы жалғыз орталық болып табылады.
Талғат Ешенқұлов ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, тұлғаның, әсіресе, жастардың дамуында өзін-өзі тану үлкен рөл атқаратынын, бұл студенттерді жаңа өмірге, бүгінгі күннің шындығына бейімдеудегі басты қадамдардың бірі екенін атап өтті. «Өзін-өзі тану» рухани өркендеуге, өскелең ұрпақтың мәдениеті мен имандылығын арттыруға да өз септігін тигізеді.
Адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғыртуға арналған «Өзін-өзі тану» білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаева халқымыздың тәрбиесінде дұрыс бағдар беріп отыр», – деді ректор.
Сондай-ақ, Меморандум аясында Дулати университетінде қазақстандық қоғамда балалар мен жастардың жан-жақты үйлесімді дамуына және тұлғаны дамыту бағдарламалары жүзеге асырылатын болады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізі – адамгершілік-рухани тәрбие аспектісінде гуманитарлық-педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Иса Самсаевтың айтуынша, бұл бағдарламаны жүзеге асыруда жетекші рөл ұстазға тиесілі. Сондықтан ҚазҰПУ еліміздің басты педагогикалық университеті ретінде Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының филиалы болып таңдалды. Аталған ұйымның бірінші вице-президенті филиалға балабақша, гимназия және колледж базасында студенттердің педагогикалық практикасын өткізуге тұрақты көмек көрсетіліп, сондай-ақ, қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілетінін айтты.
Айта кетейік, бұл қазірдің өзінде еліміздің педагогикалық университеттеріндегі Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының оныншы филиалы. Мұнда Тараз қаласының мұғалімдері біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, конференцияларға, семинарларға, байқауларға қатыса алады. Сонымен қатар, мұнда оқу бағдарламасы аясында педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің қосымша біліктілігін ала алады.