Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысын қорытындылау мақсатында облыстық слеті өтті.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеті – оқушылар бойында адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.
Слет барысында Тараз қаласы №24, №45 орта мектебі және Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебі, «Дарын» мектеп интернаты, Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернаты, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының жалпы атқарылған жұмыстарын таныстырылып, бейнероликтер мен фотослайдтар арқылы презентациялары жасалды.
Слет соңында білім басқармасы «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының жаңа оқу жылына жоспарланған іс-шараларын кеңінен таныстырып, жас ұрпақты клуб жұмысына белсенді қатысуға шақырып, сонымен қатар білім беру мекемелерінің басшыларына клубтар қатарына қосылатын оқушылардың санын арттыру қажеттігін айтып өтті.